×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Конго және Орталық Азия елдерінің президенттері Қазақстанға келеді

31.07.2024, 11:56
Фото: president.kg

Ақорданың мәліметі бойынша, 9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекет басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақорда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралардың анонсын ұсынды.

КОНГО

Тоқаевтың шақыруы бойынша 2-3 тамызда Конго Республикасының президенті Дени Сассу-Нгессо Қазақстанға ресми сапармен келеді.

ӨЗБЕКСТАН

7-8 тамыз аралығында Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевтің мемлекеттік сапары өтеді.

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

9 тамызда Астанада Орталық Азия мемлекет басшыларының алтыншы Консультативтік кездесуі өтеді.