Құқық қорғау органдарының мәліметінше, қайтыс болған қазақстандықтардың артында балалары қалған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Жамбыл облыстық полиция департаменті Таразда түрмеден жақында ғана шыққан жергілікті тұрғын үйді әйелімен бірге өртеп жібергенін хабарлады. Содан кейін ол өз-өзіне қол жұмсаған.
ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ
«Жақында түрмеден шыққан 54 жастағы ер адам әйелімен жанжалдасып, үйді өртеп жіберген», - делінген хабарламада.
Қайғылы оқиға 31 шілдеге қараған түні болған. Күйік шалған әйел ауруханада көз жұмды.