×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада жоғалып, Ақмола облысынан мәйіті табылды

01.08.2024, 06:49
Астанада жоғалып, Ақмола облысынан мәйіті табылды
Ашық дереккөз

Астанада жоғалған кәсіпкердің денесі Ақмола облысының Целиноград ауданы аумағынан табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қозғалған қылмыстық істі астаналық полицейлер тергеп жатыр. 

Ақмола облысы ПД қызметінің мәліметінше, Астана тұрғынының өліміне байланысты «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Істі тергеу аясында қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Іс аумақтық жағынан Астана қаласының полиция департаментіне беріледі, - деп түсіндірді ведомстводан.

ПД баспасөз қызметі атап өткендей, Қылмыстық процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.