×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мемлекеттік күзет қызметі Астанада қозғалыс шектелетінін ескертті

01.08.2024, 15:15
Мемлекеттік күзет қызметі Астанада қозғалыс шектелетінін ескертті
ҚР МКҚ

Мемлекеттік күзет қызметі қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты Астанада қозғалыс шектелетінін ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҚПАРАТЫ

– Қоғамдық-саяси шараларды өткізуге байланысты 7-10 тамыз аралығында қаланың жекелеген көшелерінде, негізінен «Есіл» (Оңтүстік айналма жол, Қабанбай батыр, Мәңгілік Ел, Ұлы Дала даңғ., Достық, Керей-Жәнібек хандары к-рі.), «Нұра» (Тұран, Ұлы Дала даңғ.) және «Алматы» (Тәуелсіздік даңғ., Ж.Нәжімеденов ул.Қ.Аманжолов к-рі.) аудандарында көлік құралдары мен жаяу жүргіншілердің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, – делінген хабарламада.

СЕБЕП

– Осыған байланысты, астананың тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікті қамтамас ету бойынша жүргізіліп жатқан іс-шараларға түсіністікпен қарауды өтінеміз, – делінген хабарламада.

Күзет қызметі дайындық аясында 3 тамызда бірлескен жоспарлы оқу-жаттығулар өткізілетінін хабарлайды. Іс-шаралар арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, сондай ақ ҚР Қарулы күштерінің, оның ішінде әскери авиацияның ресурстарын пайдалануды көздейді.