Түркиядан Париж Олимпиадасына барған мерген Юсуф Дикеч күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
51 жастағы түрік Юсуф Дикеч Олимпиадада еш қиналмаған түр танытып, екінші орын алған. “Түркия киллер жіберген бе?” деп талқылайды оны қазақ сегменті. 10 метр жерден пневматикалық мылтықпен ататын аралас командалық сынақтың финалында Дикеч қолын қалтасында салып, босаңсыған күйде өнер көрсетті.
Түрік мергені басқалар сияқты дәлдік үшін бір көзді жауып, құлаққап киген жоқ. Барды да, оғын атып, күміс медаль иеленді.