Париждегі Олимпиада ойындарында қолын қалтасына салып, "күміс" медаль иеленген түрік мергенінің есімі бүкіл әлемге тарай бастады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Юсуф Дикеч қолын қалтасында салып, қарсыластарындай арнайы құрал-жабдықтарды кимей, кешегі аралас командалар арасында 10 метрлік пневматикалық тапанша ату жарысында ерекше стилімен ерекшеленді.
Дикечтің бұл өнері бір сәтте-ақ оны бүкіл әлемге танытты.
Жапондық әлеуметтік желілер Олимпиаданың қазіргі тренді – түрік спортшысының аниме нұсқасын жасап үлгерді.
Спортшыға тіпті Илон Маск назар аударды, ол түрік мергені жайлы "Nice" деп пікір қалдырды.