×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Ыстамбұлдан контрабанда: Астанада кеденшіге үкім шықты

02.08.2024, 15:29
Ыстамбұлдан контрабанда: Астанада кеденшіге үкім шықты
ашық дереккөзден

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында кеден бекеті басшысының орынбасары пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот не дейді

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты пара алу фактісі бойынша Т.-ға және контрабандалық жүкті әкелгені және пара бергені үшін Д-ға қатысты үкім шығарды.

Айыптау

Сот материалдарына сәйкес, Т. кеден бекеті басшысының орынбасары бола отырып, азаматша Д.-дан кедендік шекара «Ыстамбұл-Астана» әуе қатынасы арқылы контрабандалық жолмен декларацияланбаған алтын бұйымдар мен медициналық дәрі-дәрмектерді алып келгені үшін 1 060 000 теңге көлемінде пара алған, ал соңғысы аталған ақшалай сыйақыны берген.

– Сотталушылар кінәсін мойындап, шын жүректен өкінді.  Сотталушылардың кінәсі куәгерлердің айғақтарымен, сот сараптамалары мен мамандардың қорытындыларымен дәлелденді, – делінген хабарламада.

Тараптардың ұстанымы

Прокурор айыптауды қолдап, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Қорғаушы тарап жеңілдетілген мән-жайларды ескере отырып, айыппұл түріндегі жаза тағайындауды өтінді. 

Үкім

Сот үкімімен Т. ҚК 366-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырыла отырып, 60 еселенген сома (63 600 000 теңге) мөлшерінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Д. ҚК-нің 234-бабының 2-бөлігі, 367-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, параның 26,6 еселенген сомасы (28 196 000 теңге) мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.