×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Теміртауда алты жастағы бала терезеден құлап кетті

03.08.2024, 12:21
Теміртауда алты жастағы бала терезеден құлап кетті
Жасанды интеллект

Теміртау қаласында 2018 жылы туған бала терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқыс оқиға туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Бала ересектердің қарауынсыз қалғаны белгілі болды.

«Бүгін Теміртау қаласында ересектердің қарауынсыз 2018 жылы туған бала 3-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті», - делінген хабарламада.

Бала жарақатпен ауруханаға жатқызылды.

Министрлік ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға және терезелерді арнайы қорғаныс құралдарымен жабдықтауға шақырды.