×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

Сел «Бішкек-Ош» трассасын басып қалды

04.08.2024, 14:00
Ашық дереккөз

Қырғызстандағы Чычкан шатқалында нөсер жаңбырдан соң сел түсіп, жолдың бір бөлігін шайып кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ауданда көлік қозғалысы тоқтатылды. Бірнеше сағат бойы құтқарушылар сел салдарын жойды. Құрбандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Бұған дейін Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі бес облыста бірден дауылды ескерту жариялаған. Айтпақшы, жыл басынан бері республикада үш жүзге жуық сел түсіп, 22 адам қаза тапты. Билік өкілдері табиғи апаттан келген шығынның алдын ала сомасы 12 миллион доллар болады-ау деп отыр.