×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Әкімдіктер талапкерлерге 2,5 мыңға жуық грант бөлді

06.08.2024, 09:18
kaztbu.edu.kz

2024-2025 оқу жылына жергілікті атқарушы органдардан конкурстық негізде мемлекеттік білім беру грантына өтініштерді қабылдау басталды, деп хабарлады Ulysmedia.kz. Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктер жыл сайын басым мамандықтар бойынша нысаналы даярлыққа гранттар бөледі.

Биыл жергілікті атқарушы органдар 2475 білім беру гранттарын бөлді.

ЕҢ КӨП ГРАНТТЫ АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ БӨЛДІ

Атап айтқанда, 858 грантты Астана қаласының әкімдігі бөліп отыр. Бұл – әкімдіктер арасындағы ең үлкен көрсеткіш. Одан кейінгі орында Шығыс Қазақстан облысы. ШҚО – 270 грант, Абай облысы – 200 грант, Маңғыстау облысы – 175 грант, Ақмола облысы – 160 грант және Жетісу мен Қызылорда облысы – 100 грант бөлсе, қалған өңірлер 100-ден аз грант бөлген.

Шымкент пен Алматы қалаларының әкімдіктері бакалавриатта мамандар даярлауға грант бөлмеген.

КОНКУРСҚА ҚАТЫСУ ҮШІН ӨТІНІШ БЕРУ БАСТАЛЫП КЕТТІ

Білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясына өтініш беру қажет. Сондай-ақ, ЖОО-ға білімі туралы құжат, ҰБТ сертификатын, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, жеңілдік санатын растайтын құжаттарды (бар болған жағдайда) тапсырады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі туралы ақпаратты әкімдіктерден, сондай-ақ жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларынан алуға болады. Грант беру туралы шешімді әкімдік жанынан құрылған арнайы комиссия қабылдайды. Жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталады.

Бұған дейін хабарланғандай, биыл мектептен 186 мыңнан астам түлек түлеп ұшса, 181 мыңы Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде тест тапсырды.