×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

Министр Назарбаев мектептеріне шабуыл жасамауға шақырды

06.08.2024, 13:45
Министр Назарбаев мектептеріне шабуыл жасамауға шақырды
Коллаж: ulysmedia.kz.

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Назарбаев мектептерінен қателік іздеп, блім ордасының жұмысына кедергі келтірмеуге шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бейсембаев не дейді

– Назарбаев мектептері – озық тәжірибесі бар, алдыңғы қатарлы мектептердің бірі. Қазақстандағы білім жүйесіне өзінің тиісті үлесін қосып отырған орысша айтқанда “достояниямыз”, қазақша айтқанда байлығымыз. Сондықтан, түрлі қателікті іздеу арқылы шабуыл жасап, ондай мектептердің жұмысына кедергі келтірмеу керек деп ойлаймын, – деді Ғани Бейсембаев.

Министр Назарбаев Зияткерлік мектептеріне Жоғарғы аудиторлық палата үлкен тексерулерді жүргізіп, жақында аяқтағанын, соның қорытындысы бойынша бірнеше ұсыныстар айтылып, талаптар қойылғанын хабарлады.

– Мектепте тамақтануға мемлекет тарапынан ақша бөлініп отырған жоқ. НЗМ ішкі ресурстары арқылы балаларды тамақтандыру мәселесін шешіп отыр. Бұған дейін де киім-кешекпен қамту мәселесі болған. Қазір көп мектептерге қаражат бөлудің қажеттілігі қайта қаралып жатыр, – деді ол.

НЗМ басшысымен сұхбат

Ulysmedia.kz сайтының бас редакторы Самал Ибраева бұған дейін НЗМ басқарма төрағасы Әнуар Жанғозинмен хабарласып, НЗМ-нің қазіргі жағдайы қалай,  экс-президент оларға барып тұра ма, алдағы тағдыры не болмақ деген сұрақтарға жауап алған еді.

Қазақстанда еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған және оның құрметіне аталған Назарбаев Зияткерлік мектептері (НЗМ) бар. Бұл мектептердің жағдайы басқаларына қарағанда тым жақсы болғаны айтпаса да түсінікті. Қаржыландыру болсын, педагогикалық құрамы болсын, автономдық басқару жүйесі болсын, әйтеуір жылы-жұмсақтың бәрі солардың аузында болды. Балаңызды НЗМ-ге түсірсеңіз жетіп жатыр, келешегіне алаңдамасаңыз да болады. Батыстың ЖОО-на оқуға түсу дейсіз бе, карьерлік өсу дейсіз бе, өздігінен бола беретін игіліктер есігі ашылатын. Алайда Жаңа Қазақстанның жариялануы жағдайды біршама өзгертті. Мектептерге бөлінетін қаржы күрт қысқарды, мектептердің атын өзгертеді екен деген әңгіме шықты. Осыған байланысты қордаланған сұрақтардың бәріне Әнуар Жанғозин жауап берген еді.