Париж Олимпиадасына қатысқан ұлттық құрама спортшыларының бір легі елге оралды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Елге оралған спортшылардың арасында Олимпиаданың қола жүлдегерлері Ислам Сәтпаев пен Александра Ле, күміс медальдің иегері Нариман Құрбанов болды. Оларды Алматының халықаралық әуежайынан БАҚ өкілдері, жақындары мен жанекүйерлері салтанатты түрде күтіп алды.
ЕЛГЕ ТАБАН ТІРЕГЕНДЕРДІҢ АРАСЫНДА ИСЛАМ СӘТПАЕВ, АЛЕКСАНДРА ЛЕ МЕН НАРИМАН ҚҰРБАНОВ ТА БАР
Ислам Сәтпаев пен Александра Ле 27 шілдеде пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды.
3 тамызда Нариман Құрбанов Париж Олимпиадасында спорттық гимнастиканың ат снарядындағы жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.
Бұған дейін Париж Олимпиадасынан Елдос Сметов бастаған дзюдошылардың елге оралғанын хабарлаған болатынбыз. Оларды Алматыдағы әуежайда жүздеген адам қарсы алды.