×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

159 млн теңге ұрланып, теміржол станциялары бейнебақылаусыз қалды

07.08.2024, 12:00
159 млн теңге ұрланып, теміржол станциялары бейнебақылаусыз қалды
ашық дереккөзден

Бас прокуратура ақшаны жымқырғандардың сотталғаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Кімдер сотталды

Бас прокуратура Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының «Әскерилендірілген темір жол күзеті" ЖШС бас директоры Б.Наханов, оның орынбасары А.Мукатаева және ЖШС бас менеджері Р.Сидиковқа қатысты аса ірі көлемде қаржы жымқырғаны үшін айыптау үкімі заңды күшіне енгенін хабарлайды.

Сотта не анықталды

Сот талқылауы барысында сотталушылар теміржол станциялары үшін бейнебақылау жабдықтарын сатып алу және монтаждау бойынша аффилиирленген компаниялармен шарттар жасасу жолымен өздеріне сеніп тапсырылған 159 млн теңгеден астам ақша қаражатын ұрлағаны айыптаумен дәлелденген. Алайда жабдық толық жеткізілмей, техникалық сипаттамаларға сәйкес келмеген, ақаулы болған. Сидиковтің рөлі бақылаудағы кәсіпкерлерді тауып, бейнебақылау жүйелерін өз бетінше орнату болған. Наханов пен Мукатаева қабылдау актілеріне қол қойып, айқын бұзушылықтарға қарамастан мердігерлерге төлем жасаған.

Үкім

Сотталғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айыра отырып, 7 жылдан 8 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды. Сот сотталғандардан келтірілген шығынды да өндірді.