×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Бангладешке бармаңыздар – ҚР СІМ қазақстандықтарға кеңес берді

07.08.2024, 12:52
Бангладешке бармаңыздар – ҚР СІМ қазақстандықтарға кеңес берді
REUTERS

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі қазақстандықтарды Бангладешке бармауға кеңес берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

ҚР СІМ хабарламасы

Бангладеште қалыптасқан жағдайға байланысты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі ел азаматтарына аталған елге ахуал тұрақтанғанға дейін барудан уақытша бас тартуды ұсынады.

– Қазіргі уақытта Бангладеште жүрген Қазақстан азаматтарынан аса қажеттілік болмаса тұрып жатқан жерлерінен шықпауды, қауіпсіздік шараларын барынша күшейтуді, сақтық пен қырағылық танытуды, жаңалықтар  қадағалауды және биліктің ұсынымдарын орындауды, сондай-ақ Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мен Бангладеш Халық Республикасындағы қызметін қоса атқарушы Үндістан Республикасындағы Елшілігімен тұрақты байланыста болуды сұраймыз. Қосымша және жедел ақпарат алу үшін Бангладеште жүрген ҚР азаматтары мен олардың Қазақстандағы туыстары төмендегі байланыс нөмірлер арқылы шұғыл хабарласа алады, – делінген хабарламада.

ҚР СІМ-нің байланыс нөмірлері:

+7 (7172) 720111 (кезекші дипломат)

+7 705 443 33 32 (ұялы телефон, WhatsApp)

Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігінің байланыс нөмірлері:

+91 1145 555 106

+91 9667 118 363

Бангладештегі наразылық

Бангладештің бірнеше қаласында наразылық акциялары маусым айының соңында басталған, бірақ 4 тамызда үлкен сипатқа ұласты. Наразылықтар 1971 жылдың наурыз-желтоқсан айында Пәкістанға қарсы Бангладештің тәуелсіздік соғысында соғысқан ардагерлер отбасы мүшелері үшін мемлекеттік лауазымдардың 30%-ын сақтайтын квота жүйесіне байланысты өршіген. Студенттер 2018 жылы жойылған осы жүйені кемсіту деп қабылдады.

Сонымен қатар, наразылық білдірушілер премьер-министрдің Хасинаның отставкасын талап етті. Бангладеште екі партиялы саяси жүйе бар әрі оның бірі билікте тым ұзақ отырған. Даккада наразылық білдірушілер елдің тұңғыш президенті әрі премьер-министрі Муджибур Рахманның ескерткішін қиратып тастады. 

5 тамызда Бангладеште студенттердің наразылығы ел астанасындағы жаппай тәртіпсіздіктерге ұласты. Демонстранттарға полиция мен қазіргі биліктің сөзін сөйлейтін белсенділер қарсы тұрған. Отставкаға кеткеннен кейін елдің премьер-министрі Хасина Үндістанға қашып кетті және сол жерде Ұлыбританиядан саяси баспана сұрады.