×
478.96
533.03
5.22
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
478.96
533.03
5.22

Елімізге енді Өзбекстанның лифттері келеді

08.08.2024, 15:02
podrobno.uz

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Республикасының президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесіп, шағып құрамда, одан кейін кеңейтілген құрамда бірқатар келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Ulysmedia.kz. 

Кездесуде тараптар саяси, сауда-экономикалық, көлік-транзит, инвестиция, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары, мәдени-гуманитарлық және өнеркәсіп кооперациясы салаларындағы ықпалдастықты одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді қарастырды.

Президенттер қазақ-өзбек қатынастары барлық бағыт бойынша өркендеп келе жатқанын атап өтті.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев Қазақстан мен Өзбекстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты.

Кеңес отырысында екі елдің сауда-экономика, көлік-транзит, су шаруашылығы және энергетика, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейтудің басым бағыттары талқыланды.

ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАННЫҢ 70-КЕ ЖУЫҚ БІРЛЕСКЕН ЖОБАСЫ ЖҰМЫС ІСТЕП ЖАТЫР

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы, машина жасау, энергетика, коммуникация, цифрландыру секілді перспективті салалардағы ынтымақтастық әлеуетін толық пайдаланудың маңызды жұмыс екенін, бұл ретте қазақ-өзбек шекарасындағы «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығын тезірек іске қосу қажеттігін атап айтты.  

Мемлекетаралық кеңес пен Өңіраралық ынтымақтастық форумының қызметінен де елеулі нәтиже күтеміз. Өңірлік кооперацияға зор үміт артамыз. Қазіргі кезде жалпы сомасы 3 миллиард доллардан асатын 70-ке жуық бірлескен жобамыз бар. Оның аясында 14 мың жұмыс орны ашылады. Біз бұл бағыттағы байланыстарды одан әрі нығайтып, бизнес үшін қолайлы жағдай жасауға әзірміз, – деді президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-транзит артықшылықтарын барынша тиімді пайдалану маңызды екенін айтты. Бұл ретте мемлекет басшысы тарифтерді оңтайландыру, әкімшілік рәсімдерді жеңілдету және жүк жеткізу мерзімін қысқарту жөнінде бірлескен шаралар қабылдау қажет екеніне назар аударды.

Мемлекетаралық кеңес отырысында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын кешенді әрі рационалды пайдалану, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері қозғалды.

Сонымен бірге екі елдің мемлекет басшылары бизнесті дамыту мәселесін қарастырды. Егер Қазақстан мен Өзбекстанның кәсіпкерлері тығыз жұмыс істеп, бизнесін дамытата болса, онда 43 млн доллар айналымы болатын жобалар жасалуы мүмкін.

ӨЗБЕКСТАННАН ЛИФТ КЕЛЕДІ. ҚАЗАҚСТАННАН ШАЙ БАРАДЫ

Бұл жобаға Қазақстан Лифтшілерінің ұлттық қауымдастығының басшысы Ержан Егебаев та қолдау білдіріп отыр. Ол өзбекстандық әріптестерімен байланыс жасап үлгергенін, көрші елмен еліміздің лифт паркін тексеру үшін диспетчерлік орталық құру бойынша келісімге келгенін айтты.

Өзбекстанның «Технопарк» компаниясының бас директоры Сарвар Ахадов та Қазақстан кәсіпкерлерімен бірігіп жұмыс істеуге ынтызар болып отырғанын, жақын уақытта лифт өндіріс жолға қою үшін үлкен жұиыстың басталатынын ескертті.

Сонымен бірге Мемлекетаралық кеңес пен Өңіраралық ынтымақтастық форумының нәтижесінде отандық Unitea шай фабрикасы Өзбестанның «Корзинка» фирмасымен көрші елге ай сайын  20-30 тонн шай жеткізуге келісті. Қазіргі кезде қазақстандық компания Ресей, Қытай және Қырғызстанмен ынтымақтастығын нығайтып, бірігіп жұмыс істеуде.

Былтыр екі елдің саула айналымы 4,4 млрд долларға жетті. Қазақстанның Орталық Азия елдерімен сауда айналымның  57% Өзбекстанға тиесілі.

Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевті Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттады.  

Мемлекет басшысы Қазақстанда Шавкат Мирзиёевті Өзбек елінің нағыз көшбасшысы, халықаралық деңгейдегі саясаткер, екі халық арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет қайраткері ретінде танитынын және құрметтейтінін айтты.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев өзін Қазақстанның ең жоғарғы мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаев пен бауырлас қазақ халқына ризашылығын білдірді.