×
484.11
528.79
5.03
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
484.11
528.79
5.03

ІІМ бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа үкім шықты

08.08.2024, 18:28
ІІМ бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаевқа үкім шықты
Коллаж Ulysmedia

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ІІМ-нің бұрынғы басшысы Ерлан Тұрғымбаев қатысты үкім шыққаны жөнінде ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ерлан Тұрғымбаевқа 2022 жылы Қаңтар оқиғалары кезінде билікті асыра пайдаланды деп айып тағылған еді (ҚР ҚК 362-бабы 4-бөлігі).

"Құпия" белгісі бар істе тараптар процессуалдық келісімге келген. 

– Сотталушы кінәні толығымен мойындады әрі шын жүректен өкініш білдірді, – делінген сот хабарламасында.

Ерлан Тұрғымбаев белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан 10 жылға айырылып, 5 жылға сотталды.

– Айыптау сыбайлас жемқорлық қылмыс белгілерінсіз жасалғандықтан, ҚК 63-бабының негізінде тағайындалған жазаны шартты деп санау туралы қаулы шығарылды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сот президентке Тұрғымбаевты арнайы қызмет пен мемлекеттік наградалардан айыру туралы ұсыныс енгізу жөнінде шешім қабылдады.

Еске сала кетейік, ІІМ бұрынғы басшысының ұсталғаны туралы биыл 30 сәуірде белгілі болған.

Осы жылдың басында Бас прокуратура тергеп-тексерулер шеңберінде ішкі істер экс-министрі Ерлан Тұрғымбаевтан жауап алынғанын хабарлаған еді. Тұрғымбаев Қаңтар оқиғасы кезінде ішкі істер министрі қызметін атқарған. Сол тұста құзырлы орган Алматы облысы Қарасай ауданы Қошмамбет ауылында орналасқан арнайы қабылдау жағдайында ұсталған азаматтарға азаптауды қолдану туралы іс бойынша дәлелдемелер жинағаны жөнінде ақпарат таратқан. 2024 жылдың 16 наурызында осы қылмысты жасағаны үшін Қарасай ауданының арнайы қабылдау орыны және полиция басқармасының бұрынғы басшылары қамауға алынған.