×
516.93
542.52
4.98
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.93
542.52
4.98

«Сотталып кете ме деп қорқады»: Қазақстанда әйелдердің күйеуіне арыз жазуы азайды

09.08.2024, 17:29
«Сотталып кете ме деп қорқады»: Қазақстанда әйелдердің күйеуіне арыз жазуы азайды
Коллаж Ulysmedia.kz

Бас прокуратурада әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мақсатында өткізілген семинар барысында Ішкі істер министрлігінің өкілі кейінгі кезде күйеуіне арыз жазатын әйелдер азайып кеткенін айтқан. Бұл жөнінде әлеуметтік желіде сол семинарға қатысқан журналист Айгүл Мүкей айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналист не дейді

– Маған сол семниарда ұнағаны – Ішкі істер министрлігі өкілінің өкілі бәрін ашық айтып отыр. Оның сөзінше, кейінгі кезде әйелдер жағынан арыздар былтырдан қарағанда едәуір азайып кетті. Себебі әйелдер күйеулері қылмыстық жауапкершілікке тартылып кете ме деп қорқады. Иә, олар 102 нөміріне қоңырау шалады. Қоңырау тіркеледі. Бірақ полиция барғанда әйел арыз жазбайды. Ол қорқады, – дейді журналист.

ІІМ есебі

Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыровтың айтуынша, 2023 жылы 7 шілде мен 7 тамыз аралығында сот осындай әрекеттері үшін сот әкімшілікке жауапкершілікке 6 мыңға жуық адамды тартқан. Ал биыл сотқа дәл осы кезеңде тек 400 іс жеткен. Сол істердің жартысы тараптардың татуласуымен аяқталған. 

Жаңа заң

Еске сала кетейік, биыл сәуірде мемлекет басшысы әйелдердің құқықтарымен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңдарға қол қойған еді. 

Енгізілген түзетулер қоғамда қызу талқыланды. Парламент палаталарының отырыстарына Ұлттық құрылтай мүшелері, үкіметтік емес ұйымдардың, Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың өкілдері және Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл қатысты.

Енгізілген нормалар

Әйелдер мен балаларға қатысты кез келген сипаттағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдататын, сондай-ақ отбасы институтын, кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін нығайтатын нормалар енгізілді:

  • денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру және ұрып-соғу қылмыстық құқық бұзушылық ретінде танылды. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа және ауыр зиян келтіруге қатысты жауапкершілік қатаңдатылды;
  • неке және отбасы, әке болу, ана мен бала институтын нығайтуға негізделген неке және отбасы заңнамасының жаңа қағидаттары, сондай-ақ жалпыадамзаттық, ұлттық, дәстүрлі, мәдени, отбасылық құндылықтарды құрметтеу негізінде балалардың адамгершілік, рухани тәрбиесін қамтамасыз ету қағидаты қарастырылған;
  • отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі байланыс орталығы қызметінің құқықтық негіздері жасалды. Оның рөлін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға атқарады. Бұл ретте мемлекеттік органдар отбасы, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзара әрекет етіп қана қоймай, байланыс орталығына азаматтардың өтініштерін қарау нәтижесінде қабылданған шаралар туралы ақпарат беругеміндетті болады;
  • тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін отбасын қолдау орталықтарын құруға және олардың жұмысына қатысты мәселелер заңнамалық тұрғыдан бекітілді;
  • өзін-өзі өлтіруге итермелегені және ықпал еткені, сондай-ақ өзін-өзі өлтірудінасихаттағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді;
  • 16 жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипатта тиіскені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Кәмелетке толмағандарды ұрлағаны және заңсыз бас бостандығынан айырғаны үшін жаза айтарлықтай қатаңдатылды;
  • кәмелетке толмағандарды жәбірлегені (буллинг, кибербуллинг) үшін әкімшілік жауапкершілік алғаш рет енгізілді;
  • білім беру ұйымдары кәмелетке толмағандар жасаған немесе оларға қатысты жасалған заңға қайшы әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына дереу хабарлауға міндетті;
  • 16 жасқа дейінгі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  жол ақысын төлемегені үшін оларды қоғамдық көліктен мәжбүрлеп түсіруге тыйым салынды.

Заңдардың мәтіні баспасөзде жарияланған болатын.