×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Париж Олимпиадасы: Қазақстандық спортшылардың 10 тамыздағы жарыс кестесі

10.08.2024, 08:41
Париж Олимпиадасы: Қазақстандық спортшылардың 10 тамыздағы жарыс кестесі
Olympic.kz

Париж Олимпиадасында бүгін, 10 тамыз күні отандық спортшылар еркін күрес, брейкинг, қазіргі бессайыс және велотректен бақ сынайды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

14:00–де еркін күрестен 97 келі салмақта Әлішер Ерғали ел намысын қорғайды. Ол бірінші белдесуінде мысырлық Мұстафа Әл-Елсайед Элдерспен күреседі.

Еркін күрестен жартылай финал 21:15–ке жоспарланған. 

Ал 16:30–да қазіргі бессайыстан Елена Потапенко сынға түседі.

19:35–те брейк-данстан жарыс басталады. Онда Әмір Зәкіров ел намысын қорғайды.

Финал Астана уақытмен 00:29–ға жоспарланған

Ол D тобында сынға түседі. Отандасымыз Menno (Нидерланд), Billy (Марокко) және Quake (Қытайдың Тайпейі) лақап атымен танымал спортшылармен шеберлік байқасады.

20:19–да велотректен ел намысын Андрей Чугай қорғайды.

Айта кетсек, қазір Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медальмен жалпыкомандалық есепте 34-орында тұр.