×
$
452.12
€
508.95
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
452.12
€
508.95
₽
5.41

Абай облысында күтімге мұқтаж балаларды санитарлар ұрып-соғып, қорлаған

Бүгін, 19:11
Абай облысында күтімге мұқтаж балаларды санитарлар ұрып-соғып, қорлаған
Бас прокуратура

Абай облысының прокуратурасы ерекше күтімді қажет ететін балалар тұратын орталықта жаппай заңбұзушылықтарды анықтады. Тексеру барысында мекеме қызметкерлерінің тәрбиеленушілерге жүйелі түрде физикалық және психологиялық зорлық-зомбылық көрсеткені белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Балаларды ұрып, қорқытқан

Заңбұзушылықтар Аягөз ауданындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығын тексеру кезінде анықталды. Прокуратураның мәліметінше, санитарлар тәрбиеленушілердің дәрменсіз күйде екенін және өздерін қорғай алмайтынын пайдаланып келген.

– Тексеру барысында физикалық және психологиялық зорлық-зомбылықтың жүйелі түрде жасалған 100-ден астам дерегі анықталды, – деп хабарлады Абай облысының прокуратурасы.

Сондай-ақ кейбір қызметкерлердің болып жатқан жағдайды көрсе де, зорлық-зомбылықты тоқтатуға әрекет жасамағаны белгілі болды.

Қылмыстық тергеу басталды

Прокуратура Қазақстан Қылмыстық кодексінің 140-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Заңбұзушылықтарға қатысы бар қызметкерлер жұмыстан шеттетіліп, олардың тәрбиеленушілермен байланысына шектеу қойылды.

Абай облысындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарын тексеру жалғасып жатыр.