×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Қымбат көліктер балалар үйінің тәрбиеленушілерін қайда апарып жүр?

10.08.2024, 12:57
Қымбат көліктер балалар үйінің тәрбиеленушілерін қайда апарып жүр?
Видео кадры

Әлеуметтік желіде Алматыдағы балалар үйіне қымбат көліктер келіп, балаларды арасынан таңдап алып кететіні жөнінде ақпарат тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Instagram желісінде тараған ақпаратта Алматыда балалар үйіне қымбат көліктер келіп, балаларды арасынан таңдап алып кететі айтылады. 

“Алматыда балалар үйіне қымбат көліктер келіп, балаларды арасынан таңдап, қыдыртуға алып кетеді деген ақпарат тарап жатыр. Бұл қаншалықты рас?  @almaty_police_department@almaty.prokuratura@zakiyevadinara. Балалар зорланса кім жауап береді. Бұл қаншалықты рас?” делінген желідегі жазбада.

Ал видеодағы келіншек барлық мән жайды баяндайды. Сөзбе-сөз келтірсек.

“Сәбилерді мал таңдағандай таңдап, қыдырьуға алып кетеді. Бізге Алматыдағы сәбилер үйінің қызметкері дәл осындай шағыммен жабарласты. Оның айтуынша, қымбат номер таққан қымбат көліктер сәбилер үйіне келіп, балаларды таңдап, ішінен өздеріне ұнағандарын қыдыртуға алып кетеді екен. Десе де бұған заң бойынша рұқсат жоқ дейді шағымданушы. Әрі сәбилер үйінің қазіргі басшысы заңды белшесінен басып отырғанын айтады” дейді видеодағы қыз.

Еліміздегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева  бейнематериалдың астына пкір өалдырып, мұндай ақпарат кеше өзіне де түскенін және тиісті органдарға хабарласып, жағдайды бақылауға алғанын жеткізді.