×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Ақтөбедегі жол апаты тағы екі адамның өмірін жалмады

10.08.2024, 15:56
Ақтөбедегі жол апаты тағы екі адамның өмірін жалмады
Ашық дереккөзден

Ақтөбе облысы аумағынан өтетін Самара-Шымкент тасжолының Дөң ауылы маңында жүк және жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан 2 адам қаза тауып, тағы үшеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат шамамен 6:00-де Хромтау ауданы Дөң кентінің маңында болған.

Ақтөбе облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, Lada Largus автокөлігі мен Volvo жүк көлігі соқтығысқан. Оқиға орнында Lada Largus көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы қайтыс болды.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, барлық қажетті сараптама жүргізіліп жатыр. 

– Хромтау аудандық ауруханасының жедел медициналық көмек бригадасы оқиға орнына жеткен кезде екі адамның өлімін тіркеді. Үш адам Хромтау қаласына жеткізілді. Оларды кезекші хирург дәрігер қарап, амбураторлы түрде ем қабылдауға жіберді. Тағы екі адам дәрігерге қаралмады, – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске салсақ, 7 тамыз күні Ақтөбенің Самара-Шымкент тасжолында жеңіл және жүк көлігі бетпе-бет соқтығысып, 8 адам қаза тапқан еді. Олардың арасында Маңғыстаудағы футбол турниріне жолға шыққан оқушылар бар. 

Сол күні түнде тағы да оқыс жағдай қайталанып, жүк және жеңіл көліе соқтығысты. Салдарынан екі адам көз жұмып, анасы мен екі баласы ауруханаға түсті.