Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамп өзінің бәсекелесі Камала Харристі өзінің платформалық бастамаларын, әсіресе қызмет көрсетушілерге арналған салықты алып тастау туралы идеясын ұрлады деп айыптады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Сауалнамаларда айтарлықтай жеңіліске ұшырай бастаған Камала Харрис менің салыққа қатысты саясатымды көшіріп алды.
Айырмашылығы – ол оны жүзеге асырмайды, оған тек саяси мақсаттар қажет. Бұл Трамптың идеясы еді, оның өз идеялары жоқ, ол оны тек менен ұрлай алады», деп жазды ол Truth әлеуметтік желісінде.
Сенбіде Харрис Лас-Вегаста (Невада штаты) өткен митингіде ұлттық салықты алып тастау туралы сөз қозғады. Сонымен қатар ол АҚШ-та бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдауға уәде берді.
Десе де Трамп бұған дейін бірнеше рет салықты алып тастауды жақтап, мәселе көтерген.
Еске сала кетсек, елдегі президент сайлауы 5 қарашада өтеді. Демократиялық партиянының намысын қазіргі америкалық көшбасшысы Джо Байден қорғайды деп болжанған. Бірақ ол бірқатар себептерге байланысты 21 шілде күні жарыстан бас тарту туралы шешім қабылдады және Харристің жоғары мемлекеттік лауазым жолындағы кандидатурасын қолдады.