×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Боранбаев мемлекетке өткізген компания «Самұрық-Қазына» есебіне өтеді

12.08.2024, 17:40
Боранбаев мемлекетке өткізген компания «Самұрық-Қазына» есебіне өтеді
Коллаж Ulysmedia.kz

KASE "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры "АзияГаз Чунджа" ЖШС газ компаниясының 100% үлесін сатып алатынын хабарлайды, деп жазады Ulysmedia.kz.

QazaqGaz (Самұрық-Қазына) ұлттық компаниясы жылдық бюджетке өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылдап, АзияГаз Чунджа ЖШС жарғылық капиталына қатысудың 100% үлесін сатып алу туралы мәселені директорлар кеңесінің қарауына шығарады, делінген KASE хабарламасында. 

Компания жайлы 

"АзияГаз Чунджа" тауар-газды тасымалдап, сатумен айналысады. Былтыр Қайрат Боранбаев пен Роман Наханов жоғары қысымды жерасты газ құбырын, "Шарын" автоматтандырылған газ тарату станциясын, электр беру желісін және жалпы ұзындығы 60 шақырымнан асатын басқа да активтерді қоса алғанда, бағалау құны 6,4 млрд теңгені құрайтын "АЗИЯГАЗ ЧУНДЖА" ЖШС-дегі қатысу үлесінің 100% мемлекетке өз еркімен, өтеусіз бергені хабарланған еді.

Бұған дейін Боранбаевтың 35 млрд теңгелік мұнай компаниясы мемлекетке көшкені хабарланған болатын.

Боранбаевтың ісі

2023 жылдың 15 қыркүйегінде Астана қалалық сотының апелляциялық сот алқасы кәсіпкер Қайрат Боранбаевқа қатысты «ҚазТрансГаз» АҚ жымқыру және ақшаны жылыстату ісі бойынша үкім шығарды. Ол мүлкі тәркіленіп, президентке оны мемлекеттік наградаларынан айыру туралы ұсыныспен және өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салумен алты жылға бас бостандығынан айырылды.

Қайрат Боранбаев 14,5 млрд теңге көлемінде материалдық шығынды өтеп берді. Сондай-ақ Боранбаевтың компаниялары Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 66 миллион доллардан астам қаржы аударғаны белгілі болды.

2023 жылдың 16 қазаны мен 18 қазаны аралығында Қаржы мониторингі агенттігі Боранбаевтың мүлкінің мемлекетке өткені туралы хабарлады. Олардың ішінде құны 1,4 миллиард теңгеден асатын «Comfort Hotel Astana» қонақ үй кешені, кеңсе бөлмелері, сауда-ойын-сауық кешені, спорттық-сауықтыру жүйесі, «Қаражанбас Северный» кен орны, «Азия Газ Чунджа» газ таратушы компаниясы, сондай-ақ «Азия Газ Чунджа» газ таратушы зауыты бар. «KazTurboRemont Service Center» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын өндіру және жөндеу. 2023 жылғы 20 қазанда Ақмола облысы Зеренді аудандық соты Боранбаевтың жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырғаны белгілі болды.

Көп өтпей Боранбаевтың өзі бостандыққа шықты.