×
490.84
536.88
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
490.84
536.88
5.04

Қазір бұл мәселе өзекті емес – СҚО әкімі Петропавлдың атауын өзгерту жайлы

13.08.2024, 11:23
Қазір бұл мәселе өзекті емес – СҚО әкімі Петропавлдың атауын өзгерту жайлы
Коллаж: ulysmedia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Петропавл қаласының атауын өзгерту бастамасы жөнінде пікір білдірді, деп  хабарлады  Ulysmedia.kz.

ӘКІМ НЕ ДЕДІ?

– Қазіргі таңда бұл мәселе өзекті деп ойламаймын. Өйткені шешілуі тиіс басқа да мәселелер баршылық. Қаланы абаттандыру, жылу, әлеуметтік және экономикалық мәселелер бар. Бұл тақырып көтеріліп жатқан жоқ деп жоққа шығара алмаймын. Қаланың атауын өзгерту керек дейтіндер бар, әлі уақыты келген жоқ деп санайтындар да баршылық. Менің жеке ойым – адамдардың пікірі ескерілуі керек. Көп адам өзгерту керек деп шешсе, оны қарастырамыз, – деді Ғауез Нұрмұхамбетов.

МӘСЕЛЕНІ КІМДЕР КӨТЕРДІ?

Айта кетейік, бұған дейін Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы бүгінгі күнге дейін орысша атаулы қалаларды қазақ тіліне ауыстыру идеясын қолдайтынын айтқан еді. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаты Петропавлдың атын өзгерту мәселесін көтерген.

ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ КІМ?

Ғауез Нұрмұхамбетов 2023 жылы қыркүйек айында өңірге әкім болып тағайындалды. Нұрмұхамбетов 1968 жылы Қостанай облысы Қарасу ауданының Майский ауылында дүниеге келген. Қызмет жолы негізінен Қостанай обысында өрбіді. 2015 жылдан 2023 жылға дейін Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2023 жылдың 25 қантарда Парламент Сенатының Депутаты болып сайланды. Тоғыз айдан кейін әкім болып кетті.