×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Өзі ұшақтан шығып кетті". FlyArystan Ләйла Сұлтанқызына жауап қатты

"Өзі ұшақтан шығып кетті". FlyArystan Ләйла Сұлтанқызына жауап қатты
Facebook, flylowcost.kz

FlyArystan журналист Ләйла Сұлтанқызының арызына қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Әуекомпанияның хабарлауынша, Шымкенттен ұшқан ұшақ Астана қаласына қонып (Шымкент- Астана КС7326 рейсі, - ред.),  жолаушылар ұшақтан шығуға дайындалып жатқан кезде жолаушылардың бірі бортсеріктен жанында отырған жолаушыға көмек көрсету туралы өтініш жасаған.

ЖОЛАУШЫ ДӘРІГЕРДІ КҮТПЕЙ, ӨЗІ ҰШАҚТАН ШЫҒЫП КЕТТІ

Бортсеріктер жолаушыға майлық мен суық қаңылтырлы бөтелкені ұсынды. Содан кейін оған көмек беру үшін медициналық білімі бар жолаушылардың қажет екені хабарланды. Ұшақтың командиріне хабар берілді. Одан дәрігер шақыру сұралды.

Сол кезде медициналық білімі бар жолаушы табылды. Одан әрі бортсеріктер әуежай қызметкерлеріне болған жай туралы хабарлап, білікті медициналық қызметкерлерді шақырды. Алайда, ұшақтан түсіру кезінде жолаушы дәрігерлерді күтпестен өзі борттан шығып кетті, - делінген хабарламада.

 

ҰШАҚТА МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕК ҚОБДИШАСЫ ЖОҚ ЕМЕС, БАР

FlyArystan-ның хабарлауынша, бортта алғашқы медициналық көмек қобдишасы болмаған деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Өйткені, ұшақтың бортында белгіленген талапқа сәйкес алғашқы медициналық көмек қобдишаларының үш түрі бар.  Жолаушыға қатысты білікті медициналық қызметкерлерді іздеу және шақыру бойынша алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушы дәрігерлерді күтуден бас тартты.

«ЖОЛАУШЫ ЛӘЙЛА СҰЛТАНҚЫЗЫНАН КЕШІРІМ СҰРАЙМЫЗ»

Жолаушы Ләйла Сұлтанқызынан шынайы кешірім сұраймыз және оның тезірек сауығып кетуін тілейміз, - делінген хабарламада.

Кеше Ләйла Сұлтанқызы әлеуметтік желіде Fly Arystan компаниясының ұшағында жарақат алғанын айтқан еді. Ол бетіне үстіңгі сөреде тұрған ауыр (қатты) заттың құлап, көзінің тұсын жырып, қабағын жарып жібергенін айтты.