×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Әйелді хиджаб кимегені үшін өлтіреді»: ІІМ әнші Қамидің сөзін тексеріп, шешім шығарды

15.08.2024, 11:18
«Әйелді хиджаб кимегені үшін өлтіреді»: ІІМ әнші Қамидің сөзін тексеріп, шешім шығарды
Саида Сисембаева мен Ұланғасыр Қами

Facebook-та Саида Кастанеда (Саида Сисембаева) атты азамат ІІМ әнші Ұланғасыр Қамидің үстінен іс қозғамағанын хабарлады. Әнші оның алдында "күйеулер қазір әйелдерін хиджаб кимеген үшін өлтіреді" деп мәлімдеген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Маған Алматы қаласының полиция департаментінің өтінішімді тіркеусіз қалдыратыны жөнінде хат келді. Өйткені олардың пікірінше, Ұ.Камиевтің сөздерінде қылмыс құрамы жоқ екен. Әнші сөзінде әйелдерді күйеулерінің өлтіруін ашық ақтаған болатын, – деп жазды Саида Сисембаева Facebook-те. 

Полиция не дейді 

Саида Сисембаева жазбасымен қоса жариялаған ресми жауабында арыз қаралып, номенклатуралық өндіріске шығарылғаны жазылған.

– Камиев Ұ.Ж өзінің Instagram парақшасында диалог жүргізіп, жазылушылар қойған сұрақтарға жауап берген. Осылайша ҚР ҚК 174-бабының 1-бөлімінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамын жасамаған. Жоғарыда айтылғандардың негізінде, бұл жағдайда қылмыстық құқық бұзушылықтың құрамы жоқ екенін ескере отырып, заңға сәйкес сіздің өтінішіңіз есепте тіркеусіз қалды әрі номенклатуралық іс жүргізу есебінен шығарылды, - делінген ІІМ-нің жауабында.

Әншінің даулы сөзі

Әнші Ұланғасыр Қамиев әлеуметтік желіде хиджаб кимеген әйелдерді күйеулері өлтіреді деген мәлімдемесінен кейін сынның астында қалған еді.

«Күйеуі әйелін өлтіріп қойды дегеннің барлығы - хиджаб кимеуден басталады. Ұстаздар бұны баяғыдан айтып келе жатыр. Әйелі санын жалтыратып көшеге шығады, одан кейін оған басқалары қызығады, оны күйеуі естіп, барып өлтіреді», - дейді әнші.

Ол «хиджаб арабтардікі, неге адасасыңдар?» деген сұраққа жауап бере келе нағыз мұсылман әйел басын кесіп алса да бұл киімнен бас тартпайды дегенді меңзеген.