Шымкент қаласында жалған адвокат болып жұмыс істеп, адамдарды алдаған алаяқ ұсталды, деп хабарлады Ulysmedia.kz.
Қалалық прокуратураның мәліметіне қарағанда, адвокаттық қызметпен айналысуға рұқсаты жоқ ер адам қылмыстық істі тоқтатуға жәрдем беремін деп, күдіктінің туысын лауазым иесін пара беруге азғырған.
10 МЛН ТЕҢГЕ АҚША АЛЫП ЖАТҚАН ЖЕРІНЕН ҚОЛҒА ТҮСТІ
Күдіктінің туысы адвокаттың құқыққа қайшы әрекетін түсініп, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментіне хабарласқан.
Сот үкімі қалалық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында оқылды.
Лицензиясы жоқ адвокат 10 млн теңге көлемінде қаражат алып жатқан кезде ұсталды. Ол сот үкімімен кінәлі деп танылып, оған 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді.
Жақында Шымкентте бір жантүршігерлік оқиға болды. Қалада бір топ жас жігіт достарының бірі «Гей Шымкент» тобында бар екенін біліп қойып, сол үшін оны азаптап қинаған.