Зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.
Алматы облысында экскаватормен бірге өзенге құлап кеткен жүргізуші құтқарылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТЖМ мәліметінше, Райымбек ауданында қатты жауын-шашынның салдарынан жүргізуші көлікті басқара алмай, экскаватор жолдан өзенге аударылып кеткен.
Құтқарушылар ер адамға саты беріп, жоғары көтерілуге көмектесті. 1972 жылы туған зардап шегушіге медициналық көмек қажет болмады.