×
477.45
527.1
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
477.45
527.1
5.24

Ресей әскерінің Курск облысында қоршауда қалу қаупі бар – БАҚ

Mash

Ресейдің Курск облысының Глушковск ауданындағы үшінші көпірдің қиратылғаны туралы ақпарат шықты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

«Мир сегодня с Юрий Подоляка» Telegram-арнасына сілтеме жасаған «Новая газета Европа» басылымының хабарлауынша, Украина әскері Сейм өзені арқылы Карыж елді мекеніне баратын үшінші көпірді қиратты. Бұл көпір түгелдей Глушковск ауданының үстімен өтеді. Ол жерде 3 маңызды көпір болған. Олар: Глушково, Званное және Карыж көпірлері. Осыған дейін Глушково мен Званноенің қиратылған болатын. Үшіншісі осы – Карыж көпірі қалған.

ОЛ РЕСЕЙ ӘСКЕРІНЕ ОҚ-ДӘРІ МЕН ҚАРУ-ЖАРАҚТЫ ЖЕТКІЗЕТІН МАҢЫЗДЫ КӨРІП ЕДІ

Бұл үш көпір сол аудандағы Ресей әскеріне оқ-дәрі, қару-жарақ жеткізетін маңызды қызметін атқарып тұрған. Ол сонымен бірег елді мекендерді байланыстырып отырған жалғыз көпір болған. Бұл үш көпірдің қиратылуы – ұрыс аумағын тағы 700 шаршы шақырымға көбейтіп отыр. Енді Украина әскері Глушковск ауданын Курск қаласынан оқшаулап, ауданға шоғырланған Ресей Қарулы күштерін қоршауға алады деген сөз, - делінген хабарламада.

Еске салсақ, бұған дейін Украина әскерінің бас қолбасшысы Александр Сырский президент Владимир Зеленскийге баяндамасында Украина Қарулы күштерінің қол астына Курск облысының 82 елді мекені өткенін хабарлаған болатын.

Серіктес жаңалықтары