×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Экспаттар есебінен жергілікті қазына 10,4 млрд теңгеге толықты

Экспаттар есебінен жергілікті қазына 10,4 млрд теңгеге толықты
gov.kz

Облыстардың бюджеті шетел азаматтардың ақшасымен 10,4 млрд теңгеге толықты, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

Бұл қаражаттың жартысына жуығы Алматы мен Астана қалаларына және Алматы мен Атырау облыстарына түскен. Олардың әрқайсысының бюджеті 1 млрд теңгеге толықты.

Қаражаттың бәрі салықтан аударылған. Атап айтқанда, Алматы қаласының әкімдігіне 1 512,4 млн теңге, Алматы облысына 1 449,0 млн теңге түссе, Астана қаласының әкімдігіне 1 180,4 млн теңге, ал Атырау облысына 1 152,5 млн теңге қаражат келіп түскен.

ҚАРАЖАТТЫҢ КӨБІ ЕКІ ҚАЛА МЕН ЕКІ ОБЛЫСҚА ТҮСКЕН

Басқа облыстарға азырақ салық аударылған. Мысалы, Маңғыстау өңіріне салықтан 791,7 млн теңге аударылған.

Шетел азаматтарынан өзге өңірлерге қанша теңгенің түскені төмендегі тізімді берілген.

Түркістан облысы - 752,7 млн теңге; 

Ақтөбе облысы -  565,1 млн теңге;

Шымкент қаласы - 537,3 млн теңге;

Жамбыл облысы - 476,2 млн теңге;

Қызылорда облысы - 383,2 млн теңге;

Қарағанды облысы - 306,4 млн теңге;

Жетісу облысы - 278,9 млн теңге;

Ақмола облысы -  220,6 млн теңге;

Батыс Қазақстан облысы -  177,0 млн теңге;

Шығыс Қазақстан облысы -  159,1 млн теңге;

Қостанай облысы -  106,3 млн теңге;

Павлодар облысы - 100 млн теңге;

Солтүстік Қазақстан облысы -  85,2 млн теңге;

Ұлытау облысы - 77,4 млн теңге;

Абай облысы - 73,8 млн теңге.

Ал бүгін Батыс Қазақстан облысында «Самұрық-Қазына» қорының екінші креативті хабты ашатыны туралы хабар шықты.

2020 жылдан бастап БҚО-да «Samruk-Kazyna Trust» қоры жалпы сомасы 1 млрд 494 млн құрайтын 16 әлеуметтік жобаға қолдау көрсетті.