×
483.23
534.74
5.12
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
483.23
534.74
5.12

Зеленский: «Курск облысына шабуылдың мақсаты – буферлік аумақ жасау»

Зеленский: «Курск облысына шабуылдың мақсаты – буферлік аумақ жасау»
Nathan Howard / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Ресейдің Курск облысына шабуылдың басты мақсаты – Украина жерінде жасалатын шабуылдарды тежейтін, солардан қорғану үшін  буферлік аумақ жасау екенін айтты, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Ол Украина әскерінің Курск, Белгород, Брянск пен басқа да облыстарға шабуылы жасала беретінін мәлімдеді. Бірақ шабуылдың қай кезге дейін болатынын айтқан жоқ. Украина әскері де Курск облысына шабуыл азайта бастады.

РЕСЕЙ АУМАҒЫНДА УКРАИНАНЫҢ 20 МЫҢНАН АСТАМ ӘСКЕРІ СОҒЫСЫП ЖАТЫР

Қазір Курск облысында 20 мыңнан астам Украина жауынгерлері соғысып жүр. Олар Ресей әскеріне қарағанда, сауатты соғысып, жаудың 2 мыңннан астам сарбазын тұтқынға алды.

Соңғы мәліметке қарағанда, Украина әскерінің қарамағына аумағы 11500 шаршы шақырым жердегі 82 елді мекен өтті.

Ал бүгін Курск облысының Глушковск ауданындағы үшінші көпірдің қиратылғаны туралы ақпарат шықты.