×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бір баланы төрт балабақшаға тіркеп ақша алып отырған: енді тетік қалай өзгереді

21.08.2024, 16:14
Бір баланы төрт балабақшаға тіркеп ақша алып отырған: енді тетік қалай өзгереді
ашық дереккөзден

Қазақстанда балабақша бизнесінде жемқорлықтың белгісі білініп, ақыры билік тарапы жекеменшік балабақшаларды қаржыландырудың тетігін қайта қарағалы отыр. Бұл жөнінде Тамыз конференциясында вице-премьер Тамара Дүйсенова айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

10 «жетекші балабақша»

Тамара Дүйсенованың айтуныша, әр өңірде «жетекші мектептермен», колледждермен, жоғары оқу орындарымен жұмыс істейтін кемінде 10 «жетекші балабақша» анықталған. Олар үстіміздегі жылы бағалаудың қорытындысы бойынша мақсатты топқа жатқызылған балабақшалармен жұмысты бастаған.

«Жетекші» білім ұйымдары мақсатты балабақшалардың ұжымымен бірге даму басымдықтарын анықтап, соның негізінде онлайн оқыту, шеберлік сабақтар, басқа да түрлі тағлымдамалар өткізіп, тәжірибе алмасады. Бұл механизмдер көбіне мемлекеттің балабақшаларды қамтиды. Жекеменшік балабақшаларды осы жұмысқа тарту үшін «ақша клиент соңынан» принципі енгізіледі.

Ваучерлік қаржыландыру

– Қазіргі күні Тараз қаласында балабақшаларды ваучерлі қаржыландыру бойынша пилот өткізіліп жатыр. Оның негізі мынада: ваучерлік қаржыландыруға тек нормативтік талаптар сақталған балабақшалар ғана өте алады. Қазіргідей мемлекеттік тапсырыс алуға конкурс болмайды. Ата-аналар бос орындары бар балабақшаларды таңдайды. Сәйкесінше, кезекке тұру балабақшалардағы бос орындарға емес, бюджеттің мүмкіндіктерін ескеретін ваучерлерге байланысты болады, – дейді Дүйсенова.

Бұл тетік енгізілмесе, Дүйсенованың сөзінше, бір баланы төрт балабақшаға тіркеп, ақша алып отырғандар анықталған. Ал ваучерлерді қаржыландыру жан басындағы нормативке негізделіп,  балалардың нақты балабақшаға барған күндеріне беріледі.