×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Жаңбыр, бұршақ, тұман: 22 тамызға ауа райы болжамы жарияланды

22.08.2024, 08:31
Жаңбыр, бұршақ, тұман: 22 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
ашық дереккөзден

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады.

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 22 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, хабарлады Ulysmedia.kz.

Солтүстік-батыс циклонының әсерінен Қазақстанның көп бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, найзағаймен жаңбыр, күндіз  солтүстік батысында,солтүстігінде, орталығында бұршақпен, күндіз солтүстік-батысында, оңтүстігінде дауылмен, ал елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр болды. Тек батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жауын шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша жел күшеюі,орталығында, шығысында түнде және таңертен тұман күтіледі.

Күндіз Атырау облысында қатты ыстық күтіледі.

Атырау, Абай облыстарында, Ұлытау облысының солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында,орталығында, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, орталығында, Атырау облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.