×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Халықаралық іздеудегі бірқатар азаматтың аты-жөні жарияланды

Халықаралық іздеудегі бірқатар азаматтың аты-жөні жарияланды
Фото: ҚМА баспасөз қызметі

Қаржылық мониторинг агенттігі халықаралық іздеудегі бірқатар азаматтың аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Олар кімдер

  • Ресей Федерациясының азаматы Черных Сергей Владимирович, 1993 жылы туған;
  • Украина азаматы Юдина Марина, 1999 жылы туған;
  • Қазақстан Республикасының азаматы Нестеренко Павел Игоревич, 1998 жылы туған;
  • Қазақстан Республикасының азаматы Мусалиева Тұрсын Бегдатқызы, 1996 жылы туған.

Не үшін

Аталған тұлғаларға қатысты Алматы облысы мен Алматы қаласы аумағында "1WIN" онлайн-казино түрінде заңсыз құмар ойындар мен букмекерлік қызметті ұйымдастыру және басқару, азаматтарға зорлық-зомбылық көрсету, заңсыз бас бостандығынан айыру күдігімен іздеу жарияланды. Осыған байланысты қылмыстық әрекеттерден түскен қаражат 3,8 миллиард теңгені құрайды.

Егер сізге іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат белгілі болса, төмендегі телефон нөмірлеріне хабарлауыңызды сұраймыз, - делінген хабарламада.