×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

«Сыныптастар»: Батыс Қазақстанда жол апатынан бес адам қаза болды

Фото: дереккөз

Батыс Қазақстан облысында жол апатынан бес адам қаза болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Уральская неделя» басылымының жазуынша, жол-көлік оқиғасы 24 тамыз күні, яғни бүгін таңғы сағат 7.00 шамасында Жалпақтал кентінің маңындағы Казталовка-Орал тас жолында болған. Автокөлік жол бойында тұрған шөп тиелген жүк көлігімен соқтығысқан.

Автокөлікте бес адам болған. Төртеуі оқиға орнында қаза болды, ал бесіншісі кейінірек ауруханада көз жұмған.

Қаза тапқандардың бірі – Казталов полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары, полиция майоры Марлен Қарабаев екені анықталды. Онымен бірге жұбайы да мерт болды. Олардың бес баласы қалды.

Басылым жазғандай, қайтыс болғандардың барлығы сыныптас болған. Олардың арасындағы тағы бір ерлі-зайыптының жеті баласы бар.

Серіктес жаңалықтары