×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамауға алынды

26.08.2024, 11:30
Қызылордада оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеген 8 күдікті қамауға алынды
Фото: Pixabay

Осы фактілер бойынша 8 күдіктіге сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, біреуі үйқамақта.

ҚР Ішкі істер министрлігі Қызылордада 16 жасар оқушыны жезөкшелікке мәжбүрлеу туралы қылмыстық істі тергеудің мән-жайын баяндады, деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

БҰЛ СҰМДЫҚТАН БҮКІЛ ӘЛЕМ ҚҰЛАҒДАР БОЛДЫ

#НеМолчиKZ қорының әлеуметтік желідеге парақшасынан белгілі болғандай, 14 тамызда облыстағы сұмдық оқиғаға байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында қызды жарты жылдан бері 1000-нан аса адамның зорлап келгені туралы бүкіл елімізге жарияланды. Одан кейін бұл оқиғадан шетелдік ақпарат құралдары хабардар болды.  Міне, содан кейін іс насырға шаппай тұрғанда бірнеше сағатта осы оқиғаға қатысы болуы мүмкін деген күдіктілер бірінен соң бірі уақытша қамау изоляторына тоғытылып, соныңан тағы бірнеше адамға іздеу жарияланды.

8 КҮДІКТІ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ, БІРЕУІ ҮЙҚАМАҚТА

Министрлік Қызылорда облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша Қылмыстық кодекстің 134-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Бұдан басқа, осы қылмыстық іс шеңберінде ҚК бірнеше бабы бойынша, оның ішінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притон ұйымдастыру және жеңгетайлық (309-бабы 2-бөлігі), бопсалау (194-бабы 2-бөлігі), есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіргені үшін (299-бабы 3-бөлігі), азаптау үшін (110-бабы 1-бөлігі), кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін (140-бабы 1-бөлігі) тергеу жүріп жатыр», - деп жауап берді министрлік ҚазАқпараттың ресми сұрауына.

Сондай-ақ, осы фактілер бойынша 8 күдіктіге сот «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады, біреуі үйқамақта.

ЖАУАПТЫ АДАМДАР ҚЫЗМЕТІНЕН БІР СӘТТЕ ҚУЫЛДЫ

Сонымен бірге қор жақында Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың осы қылмысқа қатысы бар адамдардың жазасын алмайынша істі бақылауда ұстайтынын айтқанынан, сол күні облыстық білім беру саласының жауапты азаматтары жұмыстан қуылғанынан тағы да хабардар етті.

Атап айтқанда, №7 мектеп-лицей директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психологы, әлеуметтік педагогы, сынып жетекшісі жұмыстан босатылды.

Қызылорда қаласы әкімінің осы салаға жауапты орынбасарына, қалалық білім бөлімінің басшысына қатаң сөгіс, бөлімнің тәрбие жөніндегі жауапты маманына жұмыстан босату шарасы қолданылды.

Білім басқармасының басшысына өз міндеттерін тиісті деңгейде орындамағаны үшін қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту берілді, - делінген жазбада.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев жиналыс өткізіп, атышулы қылмыстан жарты жылға жуық уақыттан бері полиция департаментінің ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасы мен қызға сабақ беретін мұғалімдер бейхабар болғанын қатаң сынға алды.

КӨМЕК РЕТІНДЕ 16 875 784,12 ТЕҢГЕ ЖИНАЛДЫ

Енді сіздерге қыздың анасы отбасы картасына көмек ретінде, ел-елден, жер-жерден қомақты ақшаның жиналғанын, қазір бұл сома 16 875 784,12 теңгеге болғанын айтты. Бұл ақшаны жинауға көптеген ұйымдар мен қорлар да атсалысты. Қыздың отбасы немқұрайлы қарамаған барлық ел жанашырына рахметін айтып, қаражат жібермеуді өтініп отыр. Сол үшін біз сіздерге осы жоғарыда жазылған қысқа ақпаратты беріп отырмыз, - делінген жазбада.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қызылордада сыныптастары жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеген 16 жастағы қызға қатысты сұмдық деректер жарияланған еді. Одан кейін қызды жезөкшелікке мәжбүрлегендер қамалды. Ал өткен аптада Қызылорда облысында 16 жастағы кәмелетке толмаған қызды жезөкшелікпен айналысуға мәжбүрлеу фактісінен кейін облыстық білім беру саласының жауапты азаматтары жұмыстан босатылды.