Астанада жүк көлігімен соқтығысқан мопед жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Апат 25 тамызда сағат 21:14 шамасында болды.
Мопед жүргізушісі Сарайшық көшесімен Қабанбай батыр даңғылынан Ақмешіт көшесіне қарай жүріп, рульді басқара алмай, тоқтап тұрған "КамАЗ"көлігіне соғылған. Апат салдарынан мопед жүргізушісі алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды, - делінген Астана қаласының полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.