Франция президенті Эмманюэль Макрон Telegram мессендерінің негізін қалушы әрі миллиардер Павел Дуровтың ұстауына қатысты пікір білдірді.
Франция президенті Эмманюэль Макрон Telegram мессенджерінің негізін қалушы әрі миллиардер Павел Дуровтың ұстауына қатысты пікір білдірді.
«Telegram басшысы Франция аумағында жүргізіліп жатқан сот тергеуі аясында тұтқындалды. Бұл саяси шешім емес. Шешімді судьялар қабылдайды», - деді Франция президенті.
Сенбі күні кешке Францияда Қазақстандағы ең танымал әлеуметтік желінің бірі – Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров қамауға алынды. Жаңалық агенттіктерінің хабарлауынша, ол жергілікті құқық қорғау органдарына қырын қарап, Telegram-да модерацияның болмағанына байланысты ұсталған.
Француз полицейлері бұл екі факт Дуровтың мессенджерін – терроризм, есірткі таратуда, балалар порнографиясы сынды қылмыстарға серіктес етті деп санайды. Telegram қолданушылары Павел Дуровтың ұсталуы оның "авторлық" TON криптовалютасының күрт төмендеуіне апарып соқтырғанын атап өтеді. Кейбірі тіпті мессенджердің "күні батты" болжайды. Бұл болжамдардың қаншалықты рас екенін Ulysmedia.kz тілшісі анықтап көрді.