Самара - Шымкент тасжолындағы апаттан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Самара - Шымкент тасжолындағы апаттан 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ақтөбе облысы Қобда ауданы Әлия Молдағұлова атындағы ауылдың маңында Mercedes жүк көлігі мен Volkswagen Polo соқтығысқан.
Оқиға салдарынан көліктегі төрт жолаушы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші мен бала медициналық мекемеге жеткізілді.
Полиция департаменті жол апаты бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қаза тапқандардың арасында екі бала (шамамен 12 және 14 жаста) және екі ересек адам (1974 жылы туған әйел мен 35-40 жастағы ер адам) болған.
Зардап шеккен 28 жастағы ер адам мен бес жасар бала Қобда орталық аудандық ауруханасына жеткізілді, бірақ кейінірек денсаулық сақтау басқармасы бала қайтыс болғанын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, қаза тапқандардың бәрі – бір отбасының мүшесі. Алдын ала мәлімет бойынша, бұл әке-шешесі мен үш баласы.