×
445.66
474.58
4.78
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
445.66
474.58
4.78

Газ жарылысынан тағы бір бала қайтыс болды

23.11.2021, 08:03
Фото: ҚР ТЖМ

Нұр-Сұлтан қаласының №2  балалар ауруханасында 16 қараша Ақмола облысы Шортанды кентіндегі газ баллоны жарылысынан зардап шеккен тағы бір жеткіншек, 2012 жылы туған қыз бала қайтыс болды деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Осылайша, өкінішке қарай, қайғылы жағдайдан қаза тапқандар саны 5 адамға жетіп, оның үшеуі бала болып отыр.

Еске сала кетсек, оқыс оқиға орнынан бір бала мен екі әйелдің мәйіті табылса, кейін өте ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде, өкпені жасанды желдету аппаратында жатқан және денесінің басым бөлігі күйіп қалған 12 жастағы жасөспірім де өмірмен қоштасты.

«Аталған дерек бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзуға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Штаб құрылып, зардап шеккендердің отбасы туысқандарына орналастырылды. Әкімдік үйі өртеніп кеткендерге екі пәтер бөліп, жерлеу рәсімін ұйымдастыруға байланысты көмек көрсетіледі», – деп мәлімдеді сол кезде құзырлы орындар.

Серіктес жаңалықтары