×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Мекеме директоры психикалық ауытқуы бар адамдарды жұмысқа жеккен

30.08.2024, 09:19
Мекеме директоры психикалық ауытқуы бар адамдарды жұмысқа жеккен
ашық дереккөзден

Абай облысында жүйке-жүйесінде ауытқуы бар адамдарды құрылысқа жеккен директорға қатысты қылмыстық іс бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

“№1 Семей арнайы қызмет көрсету орталығы директорының қамқорлығындағы психикалық дертке шалдыққан 4 адамды шаруа қожалығында құрылыс жұмыстарына жегу фактісі анықталды”, - деп мәлемдеді ведомство.

Қылмыстық істі облыс прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ҚР ҚК-нің 128-бабы 2-бөлігінің 6,9,11-тармақтары («Адам саудасы») бойынша тергеген. Қазір іс сотқа жолданды.

“Сонымен қатар мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері техникалық қызметкерлердің орнына қамқорлықтағыларды пайдаланып, үй-жайды тазалауға, тамақ дайындауға мәжбүрлеп, әрекетке қабілетсіз адамдарды заңсыз әрекеттерге тартып, есепшоттарынан жәрдемақыларын жымқырған”, - дейді облыс прокурорлары.