×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Зеленский Украина әуе күштерінің қолбасшысын қызметінен босатты

31.08.2024, 13:19
Зеленский Украина әуе күштерінің қолбасшысын қызметінен босатты
Getty Images

Зеленский F-16 ұшақ апатынан кейін әуе күштерінің қолбасшысын ауыстырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Украина президенті Владимир Зеленский Украина әуе күштерінің қолбасшысы Николай Олещукті қызметінен босатты. Әуе күштерінің қолбасшысы міндетін генерал-лейтенант Анатолий Кривоножко атқармақ.

Оған себеп, Батыс елдерінің Киевке берген F-16 жойғыш ұшақтарының бірі апатқа ұшырағаны және ұшқыш Алексей Месь қаза болуы.

Ақпаратқа қарағанда, ұшақты Ресей әскері жоймаған. Зеленский видео жазып, Олещукті қызметінен алғанын растады.

Айта кетейік, Ресейдің Украина аумағына зымыран соққысын тойтару кезінде зениттік-зымыран күштерінің бөлімшелерімен бірге F-16 жойғыш ұшатары қолданылған.

Әуе шайқасы кезінде F-16 ұшақтары өздерінің жоғары тиімділігін көрсетті, борттық қару-жарақпен жаудың төрт қанатты зымыраны атып түсірілді. Келесі нысанаға кіру кезінде ұшақтардың бірімен байланыс үзілді. Кейінірек белгілі болғандай, ұшақ апатқа ұшырады, ұшқыш қайтыс болды, - делінген хабарламада.

Апаттың себептерін анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы тағайындалды.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Украина Батыстың F-16 жауынгерлерін Ресейге қарсы қолдануға дайындалып жатқанын айтқан болатын.