×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шымкентте белгісіз біреу полицейді пышақтап кетті

Шымкентте белгісіз біреу полицейді пышақтап кетті
Фото: sturti/Getty Images

Шымкентте әлдебіреу тәртіп сақшысының арқа тұсына пышақпен соққы жасап, оны жаралаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға 2024 жылдың 1 қыркүйегінде болған. Ақпаратты қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

Аталған факті бойынша күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Іске сәйкес Қылмыстық кодексінің 380-бабы "Билік өкілін қорқыту немесе күш қолдану" бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді полициядан.

Күдікті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Шабуыл жасаған ер адамның ниеті белгісіз. Жараланған полицей тірі, оның денсаулық жағдайы туралы мәлімет жоқ.