×
443.85
474.3
4.8
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.85
474.3
4.8

Талқылап жатырмыз – Цой Қордайда аса қауіпті вирустар сақталатын зертхана салу жөнінде

23.11.2021, 11:17
Фото: Ашық дереккөзден

Жамбыл облысында вирустардың аса қауіпті штаммдары сақталатын зертхана салудың қажеттілі қанша? Үкіметтің кулуарында бұл сұрақ Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға қойылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жамбыл облысының Қордай ауданы Гвардейский ауылында биологиялық қауіптілік деңгейі жоғары – BSL-4 болатын ғылыми зертхана салынғалы жатыр. Ондағы зертханада жерасты қоймасында вирустардың аса қауіпті штаммдары сақталады.

«Қазір бұл мәселе талқыланып жатыр. Оның қаншалықты қажет екені де зерделенуде.. қалай дегенмен кез келген зертхана Қазақстанмен толық басқарылады», - деді Алексей Цой тілшілердің сұрағына берген жауабында.

Оның айтуынша, зертхана мемлекет есебінен бой көтереді. Ал оның құрылысына қанша ақша керектігі әлі белгісіз.

«Мәселен бізде BSL-3-зертхана бар. Бұл - COVID-19 секілді штаммдарды зерттеумен айналысатын зертхана. Осындай зертхананың барының арқасында біз коронавирусқа қарсы вакцинаны тез арада әзірледік. Әдеттегі зертханаларда аса қауіпті штаммдармен жұмыс жүргізу мүмкін емес. Себебі олар аса жұқпалы. Яғни сондағы адамдарда қауіпсіз жағдайда болуы үшін белгілі бір шарттар, қорғаныс костювдері, арнайы ауа тазарту құрылымы болуы керек. Сол себепті қазір бұл мәселе әлі талқыланып жатыр», - деп түйді Алексей Цой.

Серіктес жаңалықтары