×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бір тараптың пікірі істің тағдырын шешпейді – Асанов Тоқмәди ісі жайлы

05.09.2024, 11:24
Бір тараптың пікірі істің тағдырын шешпейді – Асанов Тоқмәди ісі жайлы
Коллаж Ulysmedia.kz

Сенатор әрі бұрын Жоғары сот төрағасы болған Жақып Асанов Ержан Тәтішевті өлтірді деген айыппен сотталған Мұратқан Тоқмәдидің ісі жөнінде сұраққа жауап берді, деп хабарлады Ulysmedia.kz.

Асанов не дейді

– Шешімді қабылдайтын – бәрібір соттың өзі. Сот әрине, тараптардың пікірін ескереді. Бірақ бір тараптың пікірі сол істің тағдырын шешеді деп айта алмаймын. Істің мән-жайын қарап, олардың уәждерін ескеру керек. Ал енді олардың уәжін қаншалықты басшылыққа алуға болады – ол енді соттың шешімі. Бұл істің қыр-сырын білмеймін. Сондықтан өз пікірімді айтуға мүмкіндігімі жоқ. Ал жалпы, жан-жақты қарап, әр тараптың пікірін ескеру – соттың міндеті, – дейді ол.

“Мұратқан Тоқмәди бір рет қашпақшы болғанына сот қалай қарауы мүмкін” деген сұрақ қойылған.

– Ондай әрекеті бар ма, болмады ма, білмедім. Егер ондай жағдай болса оны да судья ескеру керек. Бірақ мынадай бір бап бар: егер уақыты келсе, шығынды өтесе, колониядағы жүріс-тұрысында еш міні болмаса, судья оны босатуға міндетті. Жалпы ол барлық сотталушыларға қатысты, – дейді Жақып Асанов.

Тәтішевтің хаты

Еске сала кетейік, бизнесмен, “Кусто групп” компаниясының негізін қалаушы Еркін Тәтішев Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жолдаған еді. Қонаев қаласы сотының шешімі бойынша ағасының өліміне кінәлі азамат шартты түрде бостандықта жүруі себепті президентке жүгінуге мәжбүр екенін мәлімдеген.

2018 жылғы 24 қазанда Тараз қаласында Мұхтар Әблязовтың банкир Ержан Тәтішевті өлтіруін ұйымдастыру туралы ісі бойынша сот талқылауы басталған еді. Іс материалдары бойынша 2004 жылдың желтоқсан айында Тәтішев «ТұранӘлем» банкі АҚ басқарма төрағасы кезінде аң аулап жүрген жерінде қаза тапқан. Ол кезде оның өлімі жазатайым оқиға деп танылды.

Тергеу мәліметтері бойынша кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің қолындағы мылтық көлік шайқалғанда кездейсоқ атылып кеткен. 2007 жылы Тоқмәди аң аулау кезінде Ержан Тәтішевке абайсызда өлтірді деген айыппен бір жылға бас бостандығынан айырылып, бірден рақымшылықпен босатылды.

Алайда 2017 жылы Мұратхан Тоқмәди 2004 жылы Тәтішевтің өлімі жазатайым оқиға емес, Мұхтар Әблязовтың өтініші бойынша жасағанын, тапсырыспен кісі өлтіргенін мойындаған болатын.

Алматыда өткен баспасөз мәслихатында 2004 жылы қаза тапқан банкир Ержан Тәтішевтің бауыры баспасөз мәслихатын өткізді. Ол Мұратхан Тоқмадиді шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы бірінші сатыдағы соттың шешімімен келіспейтінін мәлімдеді.

Ulysmedia.kz бас редакторы Самал Ибраеваға берген сұқбатында АҚШ ФБР-дің бұрынғы директоры Луи Фри банкирге жасалған қастандық әрекеті кездейсоқ болмағанын және бұл кісі өлтірудің артында үлкен адамдар тұрғанын айтқан.