×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

8 қылмыскер Қазақстанға экстрадицияланды: сот үшеуіне үкім шығарды

06.09.2024, 15:29
8 қылмыскер Қазақстанға экстрадицияланды: сот үшеуіне үкім шығарды
Freepik

Бас прокуратура 2023 жылдың қаңтар айына дейін елорда аумағында қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін 8 қылмыскер экстрадицияланғанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Олардың бірі "мефедрон" психотроптық затын Telegram қосымшасын пайдалану арқылы ірі мөлшерде заңсыз өткізгені үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол 2 жыл бойы халықаралық іздеуде болған. 

Екінші қатысушы 6 жылға бас бостандығынан айырылды, ол қаржы пирамидасын құрғаны үшін акционерлердің заңсыз үлесін алып отырған. 

Шығын 85 млн теңгеден асты.

– Үшінші қылмыскер аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған мүлікті ысырап еткені үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлады ведомствод.

Бұған дейін ІІМ шілде айында шет мемлекеттерден 28 қылмыскер ұсталғанын хабарлады.