Астанада мәдениет басқармасының бұрынғы бастығы Болат Мажағұлов ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Мажағұлов 2016 жылы "Күн" субұрқағын салу кезінде ақша жымқырды деген күдікке ілінген. 2017 жылдан бастап аталған субұрқақ апатты жағдайда.
Істі Қаржы мониторингі агенттігі жүргізіп жатыр.
Болат Мажағұлов 1983 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ ұлттық музыка академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1999 жылы Астана қаласы мемлекеттік филармониясының симфониялық оркестрінің бірінші санатты әртісі болып бастаған.
2002 жылдан 2007 жыл аралығында Мемлекеттік филармонияда, «Ұлан» ұлттық гвардиясында, Астана қаласы Мәдениет басқармасының құрылымында жұмыс істеген.
Кейін Бейбітшілік және келісім сарайын, Астана қаласы Мәдениет басқармасын, Астана қаласы Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасын, Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармаларын басқарған.