×
480.63
535.13
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.63
535.13
5.27

«Талибан» Қырғызстанда тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарылды

07.09.2024, 13:21
Ашық дереккөзден

Қырғыз Республикасы Ауғанстан билігін қолға алған «Талибан» қозғалысын елдегі тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz. Бұл туралы Қырғызстанның Сыртқы істер министрлігі мәлімет таратты.

«Елдің құзырлы мемлекеттік органдары мұқият қарап, жан-жақты бағалау жүргізгеннен кейін «Талибан» қозғалысын Қырғызстанда тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығару туралы шешім қабылданды», деп хабарлады елдің Сыртқы істер министрлігі.

Бұл шешім өңірлік тұрақтылықты нығайтуға және диалогты қолдауға бағытталған.

«Қырғызстан Ауғанстанда және тұтастай алғанда аймақта тұрақты және бейбіт ортаны қамтамасыз етуге бағытталған халықаралық қауымдастықтың күш-жігерін қолдауға дайын», делінген ведомство хабарламасында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақстан да «Талибанды» елімізде тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарған еді.