Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаланың тарихи-мәдени көрікті жерлерімен танысу үшін Бұхара қаласына барды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сапар барысында Н.Назарбаев Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен бейресми кездесті. Бұл кездесу Мирзиеевтің аталған облыстағы әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған жұмыс сапарымен тұспа-тұс келген.
Нұрсұлтан Назарбаев пен Шавкат Мирзиеев бірге Бұхараның бірқатар маңызды да көрікті жерін аралады. Олар қаланың мәдени-тарихи мұрасын талқылап, оның Өзбекстан үшін ғана емес, бүкіл өңір үшін маңыздылығын атап өтті.
Еске сала кетсек, қаңтар оқиғасынан кейін Назарбаев халық алдына сирек шыға бастады. 2023 жылдың қаңтарында бұрынғы президенттің жүрегіне «емдік-диагностикалық еш-шара» жасалды.
Назарбаевты соңғы рет жұртшылық БАӘ-де жүргенін көрген.