×
481.84
531.33
5.07
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
481.84
531.33
5.07

Палестина қасіреті: Газада тағы бір бала аштықтан қаза тапты

08.09.2024, 17:02
Палестина қасіреті: Газада тағы бір бала аштықтан қаза тапты
Ашық дереккөзден

Палестинаның Газа секторында аштықтықтың салдарынан қаза тапқандар саны 37-ге жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АНЫҚ-ҚАНЫҚ

Израиль 2023 жылдың 7 қазанынан бері шабуылдарын жалғастырып, гуманитарлық көмектен қол үзген қоршаудағы Газа секторында тағы бір бала аштықтан қайтыс болды.

Палестинаның WAFA ресми ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Якин Эстал есімді жас қыз дұрыс тамақтанбағандықтан және медициналық көмектің жоқтығынан жан тапсырды.

Осылайша Газада дұрыс тамақтанбау салдарынан қаза тапқандардың саны 37-ге жетті, олардың арасында балалар да бар.

Көптеген жергілікті белсенділер әлеуметтік желіде баланың суретін жариялап, «Сәби Эстал ауруханада соңғы рет демін алды, ол өмір сүру үшін өзгеердің әрекет етуін, қол ұшын созуын күтіп жатты» деген пікір қалдырды.

Израильдің халықаралық құқықты бұзатын шектеулері мен шабуылдары салдарынан Газаның солтүстігіндегі палестиналықтар азық-түлік, су және дәрі-дәрмектің қатты тапшылығын көріп отыр.

Газа үкіметінің БАҚ кеңсесі 3 маусымда жасаған мәлімдемесінде аштықтан 3500 баланың өлім алдында тұрғанын хабарлады.

Басылым 17 маусымда таратқан мәлімдемеде Израиль мен АҚШ әкімшілігінің гуманитарлық көмек пен азық-түлікті Газа секторындағы бейбіт тұрғындарға саяси қысым жасау құралы ретінде пайдаланып жатқаны, бұл аштықты күшейтіп, гуманитарлық жағдайды әдейі нашарлатып жатқаны атап өтілді.

Израильдің Газа секторына жасаған шабуылдары 7 қазанда басталғаннан бері кем дегенде 40 939 палестиналық қаза тапты, оның ішінде 16 715 бала мен 11 308 әйел және 94 616 адам жарақат алды.